Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Қаңтар оқиғасы" кезінде қаза болғандардың денелерін не үшін қазып алып жатыр?

Әлеуметтік желіде "Қайғылы қаңтар" кезінде құрбан болған адамдардың денелері көрден қазып алынып жатыр деген ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Экспресс К сайты Бас прокуратураға сауал жіберген еді, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Қаңтар оқиғасы" кезінде қаза болғандардың денелерін не үшін  қазып алып жатыр?
Сурет: Exk.kz

Бас прокуратураның ақпаратынша, бұл адамдардың қылмыстық істерге қатысы жоқ.

"Мәйіттерді эксгумациялау Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 225 және 271-баптарына сәйкес жүргізіледі. Ол үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін адамда соттың дәлелді қаулысы болуы керек. Қазып алынған адамдар қылмыстық істер бойынша күдікті деп саналмайды", — делінген жауапта.

Бұдан бөлек Бас прокуратурадағылар эксгумацияны тек рұқсат берілген жағдайда жасайтынын жеткізді.

"Адамдардың қандай себеп пен жағдайда қайтыс болғанын анықтау үшін түрлі тексерулер мен сараптамалар қажет. Алайда қазып алуға рұқсат берілген адамдардың туыстары олардың денесін осы сараптамаларды жасатпай, алып кетіп, жерледі. Біз тек осылай еш сараптама жасалмай, жерленген адамдарға эксгумация жасаймыз" — деп түсіндірді прокуратура.