Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Елордалық блогер балабақшаларда орын алып жатқан мәселелерге қатысты хабарландыру жасады

Қоғам белсендісі, блоггер Мадина Абильбаева әлеуметтік желілердегі өзінің жеке парақшасында халық арасындағы даулы мәселелерді көтеріп, әділділік пен ақиқат үшін күресуде. 134 мыңнан аса оқырманы бар Мадина соңғы кездері Қазақстанның барлық аймақтарында орын алып жатқан бала бақшалардағы жан түршігерлік оқиғаларды көтеруде.

Елордалық блогер балабақшаларда орын алып жатқан мәселелерге қатысты хабарландыру жасады
Сурет: kaz.nur.kz

Айта кетейік, бұл мәселе Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Алан» балабақшасында болған жағдайдан кейін өрши түсті. Белгілі ақпарат бойынша, бұл балабақшада 2 жасқа толмаған баланы қылқындырып, ұрған. Дәйектер бар.

«Еліміздегі балабақшаларға қатысты даулы мәселелерді көтергелі, дайректым жан түршігерлік хаттарға толды. Бірін жарияласам, бірін шығармай отырмын. Бұдан былай👆🏼 Маған жасырын түсірілген фото/видео жібере аласыздар! Мен араша түсе алам! “Неге сондай сенімді айтып тұр?” деп ойлап отырған шығарсыз? Себебі, мен “HUMAN RIGHT” қоғамдық қорының ресми түрде мүшесі атандым. Енді елдегі өзекті мәселелерге араласа алам, оқиға орындарына барып, өз пікірімді білдіре алам, сот істеріне қатысып, істің оң шешімін табуына ықпал ете аламын!

Қандай мәселермен айналысам?
▪️Ана мен балаға қатысты даулы мәселелердің бәрі;
▪️Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық, педофилия;

Осы 2 өзекті мәселе бойынша ғана айналысамын! Сондықтан аноним хаттарды да қабылдаймын», -
деп жазды жеке парақшасында Мадина.