Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Кюнетте істейді": Беташарға миллиондап ақша шашқандардың кімдер екені белгілі болды

"1 млн-ға кредитке кіргізіп жіберген, қазір араласпайды осы үшін. Халықтың көз жасының ақшасы бұл..."

"Кюнетте істейді": Беташарға миллиондап ақша шашқандардың кімдер екені белгілі болды
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысы Түлкібас ауданына келін түсіп, беташарға 55 млн теңге жиналды деп желіні шулатқан тойдың артында жүздеген адамның көз жасы жатыр. Мұны той иесінің көршісі айтыпты деп жазады Paryz.kz

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің facebook-парақшасында жариялады. 

Оқи отырыңыз: "Жыртыл, қазақ!": Беташар табағына 55 млн теңге жиналды (ВИДЕО)

Саламатсыз ба? Бұл біздің ауылдың баласы, 94 жылғы, екінші рет үйленіп жатыр. 55 млн беташардан ақша түсті дейтіндей ол кюнетте істейді. Өзінің үйіне тақалып тұрған Нұргүл деген көршісі кітапханашы айлығы 40-50мың, 1 млн-ға кредитке кіргізіп жіберген, казір араласпайды осы үшін. Халықтың көз жасының ақшасы бұл. Пиар үшін жасалған. Түркістан обл. Түлкібас ауданы. Кемербастау ауылында тұрамыз. Ауылға жексұрын болған, осы кюнетке бәрін кіргізген.

Бұндайларға шара қолдану керек. Аңқау қазақты кредитке кіргізіп, сол ақшаға шетел араламай, 55 млн алса, мамасы мектептегі мұғалімдерден құдалыққа деп ақша жинамас еді.

Ауылдың чатында осы үшін айқай-шу болған бір жыл бұрын. Сол кезде айтып жүретін "Дау-дамайсыз"-ды ма шақырамын, сенің көзіңді құртымын деп…

Ауылдың кез келгенімен сөйлессеңіз, Серікті жұлып жеуге дайын, бәрі бетіне түкіреді… - деп жазған көршісі.