Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қазақстан ауыр атлетикасында жанжал: Дроздовтың әлем чемпионатына жіберілмеу себебі неде?

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Дроздов Ташкентте өткен әлем чемпионатына іріктеу әділетсіз өткенін мәлімдеген болатын. 

Қазақстан ауыр атлетикасында жанжал: Дроздовтың әлем чемпионатына жіберілмеу себебі неде?
фото: ашық дереккөз

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының басшысы Роман Теміржанов Алексей Дроздовтың әлем чемпионатына жіберілмеу себебін түсіндірді деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Расымен, Алексей Дроздов Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. 61 келіге дейінгі салмақта сламақта 295 келі (133+162) көтеріп, рекорд жаңартты. Бұған дейін Алексей Азия чемпионатында 6-орынға тұрақтады. Мамырдың соңында өткен жастар арасындағы чемпионатта күміс медаль алды, –  деді Роман Теміржанов. 

Оның сөзінше, жаттықтырушылар Дроздовты жасына байланысты жыл соңында Катарда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына дайындамақ болған.

Тек осы себепті ғана Дроздовты ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысушы ретінде қарастырмады және алдын ала өтінішке оның аты-жөнін қоспады, – деп түсіндірді құрама басшысы. 

Алайда пандемияға байланысты азиялық Ауыр атлетика федерациясы 1 қарашада жастар арасындағы Азия чемпионатының болмайтынын хабарлаған.

Ереже бойынша ересектер арасындағы чемпионатқа өтініш үш ай бұрын жіберіледі. Сондықтан Дроздовты әлем чемпионатына баратын құрама сапына нәтижелеріне қарамастан, қосу мүмкін болмады, – деді Теміржанов. 

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Дроздов Ташкентте өткен әлем чемпионатына іріктеу әділетсіз өткенін мәлімдеген болатын.