Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Шымкентте полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды: Марқұмның досы тергеу кезінде ұрып-соққанын айтты (ВИДЕО)

Жұмабаевпен бірге ұсталған досы Сергей Петров полиция бөлімшесінен әр түрлі жарақаттармен шықты.

Шымкентте полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды: Марқұмның досы тергеу кезінде ұрып-соққанын айтты (ВИДЕО)
фото: Orda.kz

8 желтоқсан Шымкент қалалық полиция департаментіне «ұрлық» бабы бойынша ұсталып әкелінген күдікті бірнеше сағаттан кейін тергеу кезінде жұмбақ жағдайларда көз жұмды деп хабарлайды Paryz.kz.

"Азаттық" хабарлағандай, 8 желтоқсан күні полиция көлік ұрлады деген күдікпен көшеден екі досты ұстап алып кетеді. Бірнеше сағаттан кейін тергеу кезінде Нұрболат жұмбақ жағдайда қаза тапты. Полиция "күдіктінің жүрегі ауырып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды" деген ақпарат таратты.

Оқи отырыңыз: Шымкентте полиция бөлімінде күдікті қайтыс болды

Жұмабаевпен бірге ұсталған досы Сергей Петров полиция бөлімшесінен әр түрлі жарақаттармен шықты.

Басымызға қап кигізіп, соққыға жықты. Сосын Полиция департаментіне алып келді. Бізді жедел уәкіл қызметкерлері ұрып-соқты. Жұмабаевты да ұрды. Мен бәрін көрдім. Басымызға күртемізді орап тастады. Қолдарымызға кісен салды. Менің басымнан күрте түсіп кетіп жатты. Жұмабаевты әкетіп бара жатқанын, соққыға жыққанын көрдім, — деді ол.

Облыс полициясы бұл оқиғаның 8 желтоқсанда болғанын хабарлады.

8.12.2021 жылы сағат 17:00-де Шымкент қаласының полиция департаментінің ғимаратында жауап алу барысында 1990 жылғы азамат қала аумағында бірнеше қымбат шетелдік көлік ұрлады деген күдікпен жеткізілді. Кенеттен ол өзін нашар сезінген. Оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Жедел жәрдем келгенге дейін азамат есінен танып қалды. Медицина қызметкерлері азаматтың қайтыс болғанын анықтады, - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметі.