Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Жігіттер ұсқынсыз, бай қыздарға үйленеді": Алматыда мектептердің бірінде өткізілген сабақ тұрғындарды ашуландырды

Оның айтуынша, мұндай дәрістер 12 мен 16 жас аралығындағы балаларға арналған.

"Жігіттер ұсқынсыз, бай қыздарға үйленеді": Алматыда мектептердің бірінде өткізілген сабақ тұрғындарды ашуландырды
фото: дереккөз

Алматыдағы мектептердің бірінде өткізілген сабақ тұрғындардың шамына тиді. Оқушыларға көрсетілген презентацияда жігіттер үйленерде көріксіз және бай қыздарға үйленетіні жайлы айтылған деп хабарлайды Paryz.kzNur.kz порталына сілтеме жасап. 

Мәселен, мектеп-гимназиясында өткен сабақта оқушыларға “жігіттер еркін, көп қысылмайтын, жыныстық қатынаста тәжірибесі бар” қыздармен кездесетіні айтылған. Бұған қоса презентацияда бойжеткен тұрмысқа шығуы үшін “ұсқынсыз, бай, мейірімді, үй шаруасын орындай алатын, мейірімді, ақылды, салмақты” болуы керектігі көрсетіліпті. 

Желіде таралған ақпаратқа сенсек, мұндай ерекше сабақ Алматыдағы Әуезов ауданы №132 мектеп-гимназиясында өткізілген. Бұл туралы аудандық білім бөлімі пікір берді.  

№132 мектеп-гимназиясында орын алған оқиғаға қатысты айтарым, қазір жоспар бойынша жыныстық тәрбие бойынша лекциялар өткізілуде. Жоспарда жыныстық жетілу туралы белгілі бір тарау бар. Мектеп емханамен бірлесе отырып, жыныстық тәрбие бойынша профилактикалық іс-шара өткізуді ұйғарған. Лекцияны №10 емхананың гинекологы мен психологы оқыды. Олар презентацияда қателік жіберген, себебі бұл дұрыс емес тұжырым. Бұл тек дәрігерлердің ғана емес, мұғалімдердің де кінәсі. Олар алдын ала презентацияны көрмеген. Осы факті бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, мектеп директоры, директордың орынбасары және психологпен әңгімелестік. Директор педагогтерді жазалады. Директордың өзіне қатаң сөгіс жарияланды. Енді мұндай жайттарды бақылауда ұстайтын боламыз, – деді аудандық білім бөлімінің басшысы Зоя Қойшыбаева.

Оның айтуынша, мұндай дәрістер 12 мен 16 жас аралығындағы балаларға арналған. Ұлдар бұл лекцияға қатыспаған, олар үшін жыныстық тәрбие бойынша сабақ бөлек ұйымдастырылады.