Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Павлодар тұрғыны енесімен төбелескен

Үйге оралған күйеу бала баланың саусағындағы қанды көріп, ашуланып кеткен.

Павлодар тұрғыны енесімен төбелескен
фото: ашық дереккөз

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, қайын енесі баласының қолын кескенін айтып шағымданған деп хабарлайды Paryz.kz.

Шақыртуға шыққан учаскелік полиция инспекторы 34 жастағы тұрғын енесінен балаларымен бірге отыруды өтінгенін анықтады. 67 жастағы зейнеткер немересінің сабағына көмектесіп отырған кезде бала байқаусызда саусағын дәптердің шетіне кесіп алған. Үйге оралған күйеу бала баланың саусағындағы қанды көріп, ашуланып кеткен. Туыстар арасындағы ауызша жанжал төбелеске ұласқан, - дейді департаменттегі мамандар.

Аталған факті негізінде жанжалға қатысушыларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, соның нәтижесі бойынша шешім қабылданады.