Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Алматыда шағын көшені ақылы жолға айналдырып жіберген

Өйткені соңғы кезде клиенттер тарапынан шағым көбейіпті.

Алматыда шағын көшені ақылы жолға айналдырып жіберген
фото: видеодан скриншот

Алматыда бір топ жеке кәсіпкер дабыл қақты. Олардың айтуынша, әлдекімдер қаладағы ең ірі көлік саймандарын сататын базар маңындағы шағын көшені бір айдан бері ақылы жолға айналдырып жіберген деп хабарлайды Paryz.kzКТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Кар Сити" базары жанындағы тар көшені әлдекімдердің табыс көзіне айналдырғанына бір айдан асыпты. Ал кәсіпкерлер 10 жылдан астам уақыт емін-еркін жүрген жолдың аяқастынан ақылы болғанына аң-таң.

Осы жерде жұмыс істейтін біздің өзімізден 100 теңгеден, келетін клиенттерден 200 теңгеден. Барып сөйлесейік десек, сөйлеспейді. Байланысқа шықпайды. Енді соны түсінбей отырмыз, не істерімізді білмейміз, - дейді жеке кәсіпкер Медеу Абайбеков.

Базар маңындағы шағын көшенің тұйықталатын тұсында сандаған техникалық жөндеу орталығы бар. Ол жерде 100-ден аса жеке кәсіпкер көлігін жөндетушілерге түрлі қызмет көрсетеді. Алайда көшенің ақылы жолға айналуы қиындықты үдетіп жіберді дейді наразы жұрт. Өйткені соңғы кезде клиенттер тарапынан шағым көбейіпті.

Бұл жерде автотұрақ орны жоқ. Тек жол ғана. Бұл жерден ақша алып жатқан адамның бізге қатысы да жоқ. Клиенттеріміз шағым түсіруде. Сендерге кіріп-шыққаның өзіне 200 теңге төлейміз деп. Ал бір клиент айтады, тамақ ішуге келгенмін, не үшін төлеймін деп, - дейді жеке кәсіпкер Самат Байболов.

Кәсіпкердердің наразылығына қатысты пікір білдірген базар әкімшілігінің өкілдері бұл келеңсіздікке "қатысымыз жоқ" деп отыр. Себебі, дауға айналған жол базар аумағына енбейді екен.

Төле би-Ясауи қиылысында орналасқан "Кар Сити" сауда орны маңайында автотұрақ үшін заңзсыз ақша жинау мәселесіне байланысты қазір аудан аппаратының мамандармен және жергілікті полиция қызметімен бірлесіп тексеру жүргізілуде. Тексеру аяқталғаннан кейін заңдылықтарға сәйкес тиісті шара қабылданады, – дейді Әуезов ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Зәкіржан Алтынқожаев.