Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Ақтөбеде зағип қария немересімен соттасып, үйін тартып алды

Немересі мен атасы өмір бойы асырау туралы келісім жасасқан. Оған сәйкес немересі атасын тамақпен, киіммен, дәрі-дәрмекпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, баспана беруге міндеттелген. Бірақ...

Ақтөбеде зағип қария немересімен соттасып, үйін тартып алды
фото: ашық дереккөз

Қарияның немересіне қалдырылатын мүлік есебінен өмір бойы асырау туралы келісімі болған, енді ол бұл шартты бұзып, сотқа шағым түсірді деп хабарлайды Paryz.kz.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, сот материалдарында қария мүлкін немересіне бергені айтылған. Қария бірінші топтағы көзі нашар көретін азаматтар санатына жатады.

Немересі мен атасы өмір бойы асырау туралы келісім жасасқан. Оған сәйкес немересі атасын тамақпен, киіммен, дәрі-дәрмекпен, медициналық көмекпен қамтамасыз етіп, баспана беруге міндеттелген. Бірақ ол осы келісімшартты бұзып, зейнеткердің толыққанды өмір сүруіне жағдай жасамаған. Немересі атасын су құбыры мен кәріз жүйесі жоқ жазғы асханаға шығарып тастап, оған материалдық қолдау көрсетпеген.

Сотта жауапкер талап арызды мойындамады, бірақ шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағанын да дәлелдей алмады. Оның үстіне немересі атасына көмектеспегенін жоққа шығармады, - деп хабарлады Ақтөбедегі №3 сотының баспасөз қызметі.

Сот келісімшартты бұзып, мүлікті зейнеткерге қайтару туралы шешім қабылдады. Сот шешімі заңды күшіне енді.