Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Марғұлан Сейсембайды Грузияға кіргізбей қойды

Оның айтуынша, депортация процесі "дөрекі" түрде өткен.

Марғұлан Сейсембайды Грузияға кіргізбей қойды
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембайды Грузияға кіргізбей қойған. Ол Гордон академиясының форумында сөз сөйлеуі керек болатын деп хабарлайды Paryz.kz. 

Бұл туралы бизнесмен өзінің Telegram-арнасында жазды.

Грузия билігі мені қауіпті элемент деп санап, елге кіргізбеді. Олар мені Михаил Саакашвилиді қолдау үшін бір нәрсе жасайды деп қорықты. Мұның бәрі өкінішті. Билік қандай қорқақ? Олар, бәлкім, өздерінің шындық жағында екеніне сенімсіз шығар? Не болса да, жарайды, – деп жазды Марғұлан Сейсембай.

Оның айтуынша, депортация процесі "дөрекі" түрде өткен.

Неге өтіріктері бітпейді? Біріншіден, шекарада екі сағат бойы не айтарларын білмей, текке мыжып отырды. Біресе бағдарламалық жүйеелері істен шықты, біресе ковид формасының толтырылуын тексерді және т.б. Екіншіден, бастапқыда олар менің отбасымды кіргізбей қойды. Біз наразылық білдіре бастағанда, әйелім мен балаларым жіберуге шешім қабылдады. Ал өзімді алдап әкеліп ұшаққа отырғызып жіберді, – деді Марғұлан Сейсембай.