Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Түркиямен бизнес жүргізу курсын сатқан қазақстандық блогер айыпталып жатыр

Зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Түркиямен бизнес жүргізу курсын сатқан қазақстандық блогер айыпталып жатыр
фото: ашық дереккөз

Танымал қазақстандық блогерді алаяқтық жасады деп айыпталды. Әлеуметтік желіде 20 адам алаяқтықтың құрбаны болғандығы туралы хабарлама жариялаған. Олар 700 000 теңгеге Түркияда табысты бизнес жүргізу бойынша курс сатып алған. Алайда алданған азаматтар курсты да, ақшасын да ала алмаған, тіпті қорлық көрген деп хабарлайды Paryz.kz, "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Мен мұндайды қасыма да тілемейтін едім. Шетелге келіп, ақша берген соң телефонымды тартып алды. Содан кейін олардың бірі маған Ұлдананың мінезі ауыр екенін және одан кешірім сұрағаным дұрыс болатынын айтты. Кешірім сұраудан басқа амалым қалмады, – деп мәлімдеді жәбірленуші Ақгүл Мұратқызы.

Оқи отырыңыз: "Халқыңнан қарғыс алып жүрмеңіз": Белгілі заңгер Айнұр Тұрсынбаеваны сойып салды

Блогер Ұлдана Ерқасым өз кінәсін мойындамаған, керісінше, өз клиенттеріне қолдау көрсетіп, шарттың барлық талаптарын орындағанын мәлімдейді. Алайда Ақтау қаласының Полиция басқармасы алаяқтық фактісі бойынша арыз түскенін хабарлады. Қазір тексеру жүргізілуде. Зардап шеккендердің саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Біз қазір курс ұйымдастырушыларын Түркияға кіріп, басқаларды алдай алмайтындай етіп депортациялауға тырысып жатырмыз. Өйткені, егер олар депортацияланса, алдағы 5-6 жылда Түркияға кіре алмайды, - деді заңгер Айгүл Орынбек.