Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Атыраулықтар 38 млн теңгеге салынған дәретханалардың жабық тұратынына ашуланды

Қала әкімдігі көше дәретханалардың 8:00-ден 23:00-ге дейін істейтінін айтып, тұрғынға жауап берді.

Атыраулықтар 38 млн теңгеге салынған дәретханалардың жабық тұратынына ашуланды
фото: дереккөз

Атырауда 5 қоғамдық дәретханаға бюджеттен 38 миллион теңге бөлінген. Алайда жергілікті тұрғындар халықтың ақшасына салынған дәретханалар үнемі жабық тұратынына наразылық білдірді деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kzке сілтеме жасап.  

Қоғамдық дәретханалар өткен жазда Жеңіс паркінде, Махамбет пен Исатай алаңында, Авангардың ақырғы аялдамасы мен жағажайда орналастырылған.

Қала тұрғыны Меруерт Құрманалина өткен жұмада қоғамдық орынға кіре алмағанын айтады. Кешкі сағат 20:37-де дәретхана жабық болған. 

Атырау қалалық әкімдігі, мына "Алтын дәретханаларды" халықтың қанша ақшасына алғандарыңызды еске салып жіберіңіздерші? Неге дәретханалар мұндай күйде және мен онда кіре алмаймын? Олар жалпы не үшін керек? – деп сұрады әйел Facebook-те.

Қала әкімдігі көше дәретханалардың 8:00-ден 23:00-ге дейін істейтінін айтып, тұрғынға жауап берді. Көптеген желі қолданушысы дәретхананың күндіз де жабық тұратынын айтып, қарсы шықты.

Фотодағы уақытты көрдіңіз бе? Өтірік айтудың не қажеті бар? Халықтан сұраңыз, – деді Меруерт. 

Қаланың өзге тұрғындары оны қолдады.

Қай жердегі ашық тұратынын айтып жіберіңізші. Мысалы, жағажайдағы ("Астана" дәмханасына қарсы) ешқашан істеген емес, – деп жазды Ольга Толстова.

Балалар дәретханаға барғысы келді. Күндізгі уақытта "Орал" мейрамханасының қасындағысы жабық тұрды, – деп қоштады Зарина Измаилова.

Айта кетейік, қала әкімі Қайрат Оразбаев қала күнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында жақында жағажайда тағы бір дәретхана орнатылатынын айтқан еді.