Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Түсіпбаева Ілиясовадан түрмедегі Әлібиге деп жиналған 4 млн теңгенің есебін талап етті

Әнші ештеңеге қарамастан, өзі кіріскен істі соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді. 

Түсіпбаева Ілиясовадан түрмедегі Әлібиге деп жиналған 4 млн теңгенің есебін талап етті
фото: дереккөз

Меруерт Түсіпбаева Ақтөбеде 10 жылға сотталып кеткен лагерь тәрбиешісі Әлібиге қатысты жаңа деректерді жариялады. Ол адвокат Абзал Құспанның Әлібиді тегін қорғайтынын айтып қуанды. Алайда ізгі ниет білдірген заңгерге Әлібиге деп жиналған ақшадан беру керектігін ойлады. Бұған дейін Әлібиге деп халықтың жинаған 4 миллион теңгесін Майра Ілиясоваға тапсырғанын айтып, әріптесінен ақшаның қайда кеткенін сұрады деп хабарлайды Stan.kz

Достарым, маған кеше Абзал Құспан хабарласты. “Алматыдамын, Қызылордаға Әлібиге барғалы жатырмын, енді ресми айналысатын боламын, хабарласыңыз", деді.

Әлібиді, 3 "адам" соққыға жыққан болатын. Хәлі нашарлап, соқыр ішек болып, ота жасалды. Абзал Құспан бүгін Қызылордаға жолға шықты. Жолы болсын! Рахмет.

Мен, Асхат Маемировке хабарласып, тегін қорғаймын деп отырған Абзал Құспанға тым болмаса жолына ақша беру керек дедім. 
Алдында жинаған ақшаның есебі Майра Ілиясовада. Біз, жоғары сотқа кассация береміз деп, халықтан ақша жинағанда Абзал Құспан Асхат Маемиров екеуімізге хабарласып, тегін қорғайын деген, - деп жазды Түсіпбаева Instagram-парақшасында. 

Әнші тегін әрі білікті қорғаушы табылған соң, әріптесі тапқан адвокаттардан бас тарту туралы ұсыныс жасапты. Айтуынша, Ілиясова оған көнбеген. 

Мен жалдаған екі адвокат әйел қатырады деді. Ол кісі (Майра Ілиясова) бізден бір көйлекті бұрын тоздырды ғой деп, шамамен 4 млн ақшаны сол кісіге тапсырдық. 

Енді ол адвокаттар қайда, Майра апай? Қыста "Еуразия" арнасы Әліби туралы бағдарлама түсіргенде, ол екі адвокатты неге көрмедік?
Аттарын да ұмытыппын. Әлия-Лаура ма еді? Кім еді? Нүркөн бе еді? Түсірілім барысында, біз жалдаған адвокаттар өздері келмей, орнына жұмсаған адвокат, Әлібиді 7 рет Алишер деп атын шатастырып, “позоры” шашылғанына бәріміз куәміз, - дейді әнші.

Өнер иесі Әліби туралы бағдарлама аяқталғаннан кейін, өзегі өртеніп, бір сағат жылағанын айтады. Ештеңеге қарамастан, өзі кіріскен істі соңына дейін жеткізетінін мәлімдеді. 

Құдай қаласа, Әліби бостандыққа шыққанда ғана бұл тақырыпты жабамын. Майра апай! Бұл халықтан жиналған ақша! Сіз жалдаған адвокаттар елдің алдында есеп берсін! Не бітірді? Неге нәтиже жоқ? Тегін қорғаймын деп талпынып отырған Абзал Құспанның жол қаржысын, Қызылордаға барғанда мейрамхана, тамақ-суын кім төлейді? Жауап күтемін! - деді Түсіпбаева. 

Айта кетейік, лагерьдегі балаларға азғындық жасады деп сотталған студентке шығарылған үкім сол күйі өзгеріссіз қалдырылған еді. Алайда жәбірленуші тарап әлі де Әлібидің ақталып шығуынан үмітті.