Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елордада дәрігер жүкті әйелді кабинетінен қуып шыққан (ВИДЕО)

Құзырлы органдар мәліметінше, науқас әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.  

Елордада дәрігер жүкті әйелді кабинетінен қуып шыққан (ВИДЕО)
фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы елордалық әйел мен дәрігердің арасындағы болған жанжалға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz

Әлеуметтік желілерде тараған видеода гинеколог дәрігер науқасты қараудан бас тартып, өз кабинетінен шығуды талап еткені байқалады. 

Әйел жүктілігінің үзіліп кету қаупі бар болғандықтан ауруханаға келген. Бір сағат бойы  дәрігерді күтуге мәжбүр болған жүкті келіншекті гинеколог қараудан бас тартып, ұрсып, қуып шыққан, – делінген желідегі жазбада. 

Құзырлы органдар мәліметінше, науқас әйел ауруханаға жатудан бас тартқан. 

Оқиға көп бейінді қалалық №2 ауруханада болған. Желіде тараған бейнежазбаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі”, – дейді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Басқарма өкілдері ауруханада видео және фото түсіруге болмайтынын айтып, заңға қайшы әрекет болғанын атап өтті.