Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Балаларға екпе салынады": Оқушылардың тізімін жасатқан басшы жазаланды

Ал Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысына "тым ерте қимылдағаны үшін" сөгіс жарияланды.

"Балаларға екпе салынады": Оқушылардың тізімін жасатқан басшы жазаланды
фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысының Жалағаш аудандық білім беру бөлімі таратқан ресми хат елді дүрліктірді. Онда 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу туралы айтылған. Тіпті оқушылардың тізімін жасауға тапсырма берілген деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Білім бөлімінің хаты ата-аналар чаттарында жылдам тарап кетті. Халық бұл бастаманы балаларды мәжбүрлі вакциналау деп қабылдады. Осыған байланысты наразылық та күшейді.

Аудандық білім бөлімі санитарлық эпидемиологиялық орталығының 07.09.2021 жылғы №2216 санды хатына сәйкес 12 жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау жоспарланғандығын хабарлайды. Осыған орай сізден екпе жұмыстарына байланысты төмендегі кестеге сәйкес толық мәліметті осы жылдың 9 қыркүйегіне дейін білім бөліміне жолдауды тапсырады, - делінген ресми хабарламада. 

Облыстық Білім басқармасы аудандық бөлімнің бұл бастамасын тоқтатты.

Біздің заңнамамызға сәйкес, елімізде 18 жасқа дейінгі кез келген вакциналау ата-аналардың келісімімен ғана жүргізіледі. Осыған байланысты білім басқармасы Жалағаш аудандық білім бөлімінің 12 жастан асқан балалардың тізімін жасауға қатысты бастамасын тоқтатты. Облыста басқа білім беру ұйымдарында ондай деректер жиналып жатқан жоқ, - деді басқарма басшысы Ақзира Қасымова арнайы брифингте.

Ал Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшысына "тым ерте қимылдағаны үшін" сөгіс жарияланды.

Облыстың Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдікәрімованың айтуынша, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау бойынша нақты шешім қабылданған жоқ.

Оған қоса, елімізге жүкті әйелдер мен балаларға егуге болатын Pfizer вакцинасы әлі жеткізілмеді, - дейді ол.