Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Біртановтың ағасы тергеу туыстарына қысым көрсетіп отырғанын айтты

Сонымен қатар ол сот алдында бәзбіреулердің оны жемқор деп рөлінде көрсетіп, шетелдегі зәулім сарай туралы видео жариялағанын атап өтті.

Біртановтың ағасы тергеу туыстарына қысым көрсетіп отырғанын айтты
фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу сотында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақ мерзімін ұзарту жөнінде іс қаралды деп хабарлайды Paryz.kzsputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның өкілі Төлеген Жараспаев үйқамақ мерзімін іс құжаттарымен танысу үшін 14 қарашаға дейін ұзартуды сұрады.

Оның айтуынша, іс материалы 133 томнан тұрады. Сондықтан қатысушыларға онымен танысуға уақыт қажет.

Біртановтың адвокаттары мерзімді ұзартуға қарсы шықты және соттан оны кепіл беру арқылы немесе елден кетпеу туралы қолхат арқылы босату шарасын қолдануды сұрады.

Сонымен қатар сотта Біртановтың ағасы сөз сөйледі. Оның айтуынша, тергеу туыс-туғандарына қысым көрсетіп отыр.

Қаржы мониторингі агенттігі менің қызметімді тексерді. Менің жұмыс берушім МАГАТЭ –ден дипломатиялық каналдар арқылы менің МАГАТЭ-мен хат алмасуым туралы және МАГАТЭ-нің үшінші тұлғалармен хат алмасуы туралы түсініктеме сұратты. Сонымен қатар қаржы мониторингі агенттігі мен туралы жеке басым мен ар-ожданыма тиетін, кәсіби беделіме нұқсан келтіретін жазбаша жалған ақпарат жолдады. Агенттіктің Елжан Біртановтың туыстары мен достарына, әріптестеріне жасаған қысымы істің дәлесіз және қылмыс құрамы жоқ екенін айғақтай түседі, - деді ағасы Ержан Біртанов.

Елжан Біртановтың өзі де үй қамақ мерзімін ұзартуға қарсы шықты. Оның айтуынша, оған – жұмыс істемей тұрған денсаулық сақтау саласының цифрлық платформасын қабылдау және қызметтік мансапты пайдаланып санавиацияны пайдалану туралы екі айып тағылып отыр.

Оның айтуынша, цифрлық платформа жұмыс істеп тұр, министрлік балансына алынды, ол үшін бюджеттік қаржы төленді. Және тиісті келісімшарт негізінде интеграцияларды қосу бойынша жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар ол сот алдында бәзбіреулердің оны жемқор деп рөлінде көрсетіп, шетелдегі зәулім сарай туралы видео жариялағанын атап өтті.

Біртановтың айтуынша, ол осы бойынша полицияға арыз жазған.

Үш ай өтті. Алайда менің арзым әлі тіркелген де жоқ. Ол қаржы мониторингі агенттігіне жолданыпты. Соған қарағанда полицияның өзі агенттіктің бұл видеоға қатысы бар екеніне күмәнданады. Жуықта біз агенттік ешқандай істі қарамағаны туралы жауап алдық. Іс архивке жіберіліпті. Алайда мұндай істі қарау агенттік құзырында емес, - дейді ол.

Барлық тарап сөйлеп болған соң сот шешім шығаруға кетті.

Бұған дейін Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 қыркүйекке дейін ұзартылған болатын.