Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қарақат Әбілдина 6 баласын дүниеге әкелді

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина төрт ұл және екі қыздың ата-анасы атанып отыр. Әншінің жары Instagram парақшасында халықтан сүйінші сұрады. 

Қарақат Әбілдина 6 баласын дүниеге әкелді
сурет ult.kz сайтынан

«Сүйінші,сүйінші қазақ елі ! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып,тағы бір тәтті-ақ қыз берді. Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге. Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын! Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Перзент сұрап жүрген жандарға құдіреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей ! Әрбір отбасына бақыт берсін!», - деп жазды Қ.Болманов.

Әнші Ұлттық ана мен бала орталығында босанған.

«Берекелі күз келді. Күзбен бірге дүниеге қыз келді.и Бау-бақшамыз жайқалып, ел еккен егінінің жемісін көріп жатқанда алпыс екі тамырымды иітіп, маңдайында жұлдызы бар жұп-жұмыр жүрек соғып жатыр жанымда», деп жазды Қарақат Әбілдина.