Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

"Біздің арқамызда әртіс болып жүрсіңдер": Баян Мақсатқызы кей экс-әнші қыздарына өкпелі

Продюсер бір топта өнер көрсеткен аруларды бір сахнаға жинау қиынға соққанын мойындады.

"Біздің арқамызда әртіс болып жүрсіңдер": Баян Мақсатқызы кей экс-әнші қыздарына өкпелі

Баян Мақсатқызы кейбір экс-кешьюлік қыздарға өкпелі. Продюсер өзінің қоластында жұмыс істеп, алайда оны мойындамайтын кей әнші қыздардың әрекетін түсінбей дал. 

Бұл туралы "Папарацци" бағдарламасында айтылды. 

Баян Мақсатқызы жақында "Кешью" тобының 15 жылдық мерейтойының телевизиялық концертіне арнап түсірілім жасады. Алайда топ толық құрамда болмаған. Продюсер бір топта өнер көрсеткен аруларды бір сахнаға жинау қиынға соққанын мойындады.

"Кейбір қыздар келе алмады. Кей қыздар бас тартты. Өйткені, өздерін мүлде бұл топпен байланыстырғысы келмейді. Мен бұған ренжімеймін. Мен бұған күлкім келеді", - деді Алагөзова. 

Концертке келмеген қыздардың арасында Сара Амангелді мен Элизат Берікова да бар. Қос құрбы кезінде Кешью мен Лашын тобында да өнер көрсетті. Мерейтойдың түсіріліміне Жанар Дұғалова да келген жоқ. 

Баян ханым өзі түлеп ұшқан топты ұмытқан экс-солистердің әрекетін жақсылыққа балап отырған жоқ. 

"Мұндай бір-екі қыз бар. Олар "Кешьюде" өнер көрсеткен жоқпын. Баян Мақсатқызына да, Бағым Мақсатқызына да қатысым жоқ дейді. Қатыстарың бар, қыздар және дәл біздің арқамызда әртіс болып жүрсіңдер. Әркімнің өз көзқарасы бар. Әркім әртүрлі түсінеді. Ол үшін менің ешнәрсем кетпейді. Сіздерге ерегескенде айтарым сол", - деді продюсер.

«Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты «Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Ойламаған жерден қосылдық»: Танымал тележүргізуші махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты «Ойламаған жерден қосылдық»: Танымал тележүргізуші махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты