Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Қарақат мән-жайдың бәрін білмейді": Қыдырәлі Болман алғашқы некесі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

"Алғашқы жарым - Қарақат. Басыма қонған бақ десем болар", - деп бастаған ол студенттік кезде не болғанын толыққанды айтып берді. 

"Қарақат мән-жайдың бәрін білмейді": Қыдырәлі Болман алғашқы некесі туралы шындықты айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Продюсер Қыдырәлі Болман алғашқы некесі туралы қауесетке нүкте қойды, деп жазады Paryz.kz.

Әнші "Ең алғашқы" бағдарламасына қонаққа келіп, бұрын-соңды айтылмаған сырларымен бөлісті. 

Қыдырәлі тіпті бір кездері Қарақаттың басқа арнаға берген сұхбатындағы бірінші некесі жайлы айтқан сөздерін жоққа шығарды. Отандық арналардың бірінде Қарақат Әбілдина былай деген еді:

"Бірінші көтерген шаңырағы туралы ешқандай бүкпесіз әңгімелеп берді. 1,5 жыл тұрған. Артымнан қыздар құмартқан жігіт болдым. Мені қатты сүйген қыздардың бірімен балалықпен, еш махаббатсыз үйлендім. Соның нәтижесінде біз ұзақ тұра алмадық. Бірақ қырқына жетпей шетінеді деді", - деп бар сырын ақтарып тастаған болатын.

Бірақ сұхбат барысында Қыдырәлі Болман алғашқы некесі Қарақатпен қиылғанын айтып, студент кезіндегі шалалықты мойындамауға тырысып, басын ала қашты.

"Алғашқы жарым - Қарақат. Басыма қонған бақ десем болар", - деп бастаған ол студенттік кезде не болғанын толыққанды айтып берді. 

"Мен үйленген жоқпын. Жатақханада менің бөлмеме қыздар көп келетін. Соның ішінде бір қыз тіпті жиі келетін болды. Менің бойымды өзіне әбден үйретіп алды. Менде оған махаббат та болған жоқ. Біз солай тұрдық типа. Арамызда бала болған жоқ.

Қарақат мән-жайдың бәрін білмейді, ол менің өмірім. Ол кезде Қарақат жоқ болатын. Мен өз басым үйлендім немесе бала көрдім деп санамаймын. "Қызға кім сөз айтпайды, қымызды кім ішпейдінің кері" деп ойлаймын", - деп тосырқап қалды продюсер.