Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Әзіл деп ойлаймын": блогер желі арқылы сезімін білдірген Алмас Кішкенбаевқа жауап берді (ВИДЕО)

"Ай жазбай жатыр, кездесуге шақырамын" деп жазыпты.

"Әзіл деп ойлаймын": блогер желі арқылы сезімін білдірген Алмас Кішкенбаевқа жауап берді (ВИДЕО)

Отандық танымал блогер Әйгерім Абдуллаева өзін ұнататынын айтқан әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты пікір білдірді. Желі жұлдызы өнер иесінің сезіміне жауап беріп, қызу талқыға қалған мәселеге нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Әйгерім Абдуллаева өзіне сезімін білдірген Кішкенбаевқа қатысты ойын жасырмай ашық түрде жеткізді. Бұл туралы ол "НТК" арнасындағы "Опмай-опмай" бағдарламасына берген сұхбаты кезінде айтты.

"Қазір менің де, Нұрдәулеттің де басы бос. Біздің ортада тек екеуміз ғана қалдық. Алмастың жазбасын ең бірінші болып Нұрдәулет көріп қалды. Ол маған көрсетті. Мен бірін қарап едім, келесі стористе де мен туралы жазыпты. "Ай жазбай жатыр, кездесуге шақырамын" деп жазыпты. Менің ойымша, бұл қалжың ретінде жазылған нәрсе. Ал былай бейнебаянымды, өнерімді қолдап жатқанына рахмет айтамын. Әзіл деп ойлаймын. Хайп деп те ойладым. Бірақ, шынында ондайды ойламаған секілді. Ән мен клип ұнағандықтан сторизға салған. Сосын аяқ асты хайп болып кеткен сияқты. Хайп үшін жасады деп ойламаймын. Өзінен сұрау керек", - деді блогер ару.