Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Анамды да кіргізген жоқ": Қайрат Түнтеков қатты күйзеліске ұшыраған кезін еске алды (ВИДЕО)

Шоу бизнес өкілі соттың үкімімен белгіленген соманы бірнеше жыл ішінде толықтай өтегенін, оны өтеп болғанша екі рет инсульт алғанын да жасырмады.

"Анамды да кіргізген жоқ": Қайрат Түнтеков қатты күйзеліске ұшыраған кезін еске алды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әнші Қайрат Түнтеков өзіне қатысты қауесеттерге нүкте қойып, өмірін түбегейлі өзгерткен жол апаты туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп жазады Paryz.kz. Бұл туралы ол Аман Тасығанның "TalkLike" Youtube-жобасына берген сұхбатында баяндады.

Қайрат Түнтеков осы уақыт аралығында жоғары жақтан қысым болғанын көпшіліккке жайып салды. Өнерден қудаланғанын да сұхбат барысында мәлімдеді.

"Жол апаты болады да, мен де күйзеліс басталады. Қазір күлкімен есіме аламын. Қырық күн отырдық. Сол кезде бір шулатып бір көтеріп жіберді ғой. Қазірмен салыстырғанда болмайтын нәрсе. Меніңше, мәселенің барлығы жоғарыдан болған қысымнан еді. Бәлеқорлық көп болып кетті ғой. МАИ қызметкерлері жол апаты орнына келгенше біреулер тапанша төсеп, жаздырып жіберді. "Алпыс мың доллар бересің" деді. Тапаншамен қорқытқан соң жазып бердім. Кейіннен бір министрдің өзі қолға алғанын білдім. Жол апатына түскен қыз солардың таныстары болып келеді екен. 

Расписка жазғызып алды. Содан кейін мен қашып жүрдім. Мені бір құдды 18 адам өлтіріп қойғандай іздеп жүрді. Бір күні футболдан шыққаннан кейін танысым хабарласып кездесейік деді. Сол ұстап берді ғой. Бірден қолыма кісен салып алып кетті. Ертесіне телеарналарды шақырып қойған. Бір күн бойы изоляторда жаттым. Өте суық болды, өмір сүре алмайсың ол жерде. Қырық күн отырдым. Ешкімді жолаттырған жоқ. Анамды да кіргізген жоқ. Тіпті желтоқсаншылар одағы да келген. Бірақ, ешкімді жолаттырмаған, жолаттырғысы да келмеген" , - деді әнші.

Шоу бизнес өкілі соттың үкімімен белгіленген соманы бірнеше жыл ішінде толықтай өтегенін, оны өтеп болғанша екі рет инсульт алғанын да жасырмады. Сол оқыс оқиғадан кейін әншінің денсаулығы күрт нашарлап кеткен.