Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ерке Есмахан Азамат Зенкаевпен ара қатынасына қатысты сұрақтарға жауап берді (ФОТО)

Өнер иесінің сөзінше, оның жекесіне Азамат туралы жазып жүргендер өте көп.

Ерке Есмахан Азамат Зенкаевпен ара қатынасына қатысты сұрақтарға жауап берді (ФОТО)
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде "Ninety One" тобының экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен қарым-қатынасына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Өнер иесі жас айырмашылық олардың бақытына кедергі емес екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

36 жастағы Ерке Есмахан өзінен тоғыз жас кіші сүйіктісімен арақатынасына қатысты бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы желідегілердің көкейінде жүрген сұрақтардың көбіне жауап беріп, қызу талқыланып келген мәселеге нүкте қойды. Әнші жас айырмашылығы олардың махаббатына еш әсер етпейтінін кесіп айтты.

"Ер адам жас болса да, ересек болуы керек. Қайдағы кішкентай бала? Оның жасындағы жігіттердің 2-3 баласы бар. Менімен бірден бір баласы болады. Ол баласы тоғызда" , - деп жазды Ерке Есмахан. 

Өнер иесінің сөзінше, оның жекесіне Азамат туралы жазып жүргендер өте көп. Олардың басым көпшілігі, Зенкаевтың "Ninety One" тобынан бері келе жатқан табынушы қыздары болып шықты. Бойжеткендер Еркеге олардың сүйіктісі әншісін қайтаруды талап еткен.

"Алла, егерде кімде-кім менің бақытымды көре алмай, жек көрсе, оған да бақыт жіберші. Менің бақытымды ұмытсын", - деп жазды шоу-бизнес жұлдызы.