Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Ұят-ай": актриса Айгүл Иманбаеваның темекі шегетіні рас па? (ВИДЕО)

Сұхбат барысында қазіргі уақытта спортпен шұғылдануына байланысты жаман әдетінен арылған ол қашаннан бастап темекіге жақын болғанын айтып берді.

"Ұят-ай": актриса Айгүл Иманбаеваның темекі шегетіні рас па? (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында темекіге әуес болғанын мойындады, деп жазады Paryz.kz.

Сұхбат барысында қазіргі уақытта спортпен шұғылдануына байланысты жаман әдетінен арылған ол қашаннан бастап темекіге жақын болғанын айтып берді.

"Алғаш рет темекі шеккенім есімде. Ұят-ай, бәленің бәрі тоғызыншы класста басталыпты ғой. (...) Айнаш құрбым тоғызыншы бітіріп кеткен. Ол ауылға келгенде екеуміз туалетке кіріп шеккенбіз, ұят-ай. Қораның арты, тағы басқа жерлер бар, туалетке мамам кірмей ма?! Мынаны былай аласың, аузыңа қаратай түтінді ішіңе аласың деп үйреткен құрбым. Қақалып, шашалып..", - деп күліп еске алды актриса.