Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жазира Байырбекованың денсаулығы сыр беріп, ауруханадан бір шықты

Сондай-ақ ол ауырмай тұрған кездегі туысының хабарласып, денсаулығына қатысты алдын ала ескертуін де айта кетті. 

Жазира Байырбекованың денсаулығы сыр беріп, ауруханадан бір шықты

Әнші Жазира Байырбекова ауруханаға түсіп қалды, деп жазады Paryz.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында денсаулығы нашарлап кеткенін және дәрігерлердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ ол ауырмай тұрған кездегі туысының хабарласып, денсаулығына қатысты алдын ала ескертуін де айта кетті. 

"Туған сіңлім Аққал Байырбек 3-4 күн бұрын хабарласып “әже сізге денсаулығын күтсін. Ауруы жанына батып тұрса да жұмыс істеп жүре бермесін” деді - деп хабарласты. Аққалдың айтқаны жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда есіме түсті. Аққалдың түсіне үнемі бір әже кіріп алдын ала көп нәрселер ескертіп тұрады.Біз тыңдамағанымызбен кейін әженің айтқаны дұрыс екеніне көзіміз жетіп жатады." , - деп жазды Жазира Байырбекова.