Ұсынған ұзақ тізімнің ішінен іріктеліп таңдалады.
Forbes журналының орыс тіліндегі «30-дан 30-ға дейін» жылдық рейтингтің ұзақ тізімін жариялады. Оның құрамына саун-продюсер қазақстандық диджей, Грэмми иегері Иманбек Зейкенов кірді, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.
«30-дан 30-ға дейін» нұсқасында сипаттамасында 30 жасқа дейін кәсіби қоғамдастықта танымал болып, бүкілресейлік немесе тіпті әлемдік деңгейде танымал болғандардың кіре алатындығы айтылды. Ұсынған ұзақ тізімнің ішінен іріктеліп таңдалады.
20 жастағы Иманбек «музыка» бөлімінде Слава Марлоу, Клава Кока, Хаски, LOVANDA, Cream Soda, IC3PEAK, Niletto, HammAli & Navai және Doraламен бірге бір тізімде тұр.