Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Атыраулықтарға 50 мың теңге жасырғанын хабарлаған блогердің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Бұл хабарды естіген Атырау тұрғындары аталған соманы жаппай іздей бастайды.

Атыраулықтарға 50 мың теңге жасырғанын хабарлаған блогердің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Instagram-дағы парақшасында 2,4 миллион жазылушысы бар блогер Ахон Бержан 50 мың теңге жасырғаны жөнінде хабарлама қалдырған. Алайда, полиция карантин талабын бұзғаны үшін оны жауапқа тартты.

Блогер карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша түсіндірме жазуға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлері бұл іс бойынша құжаттарды жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жібереді, деп жазады "Мой город" жергілікті басылымына сілтеме жасаған Paryz.kz.

Сондай-ақ, блогер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабының бірінші бөлігі "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы" бойынша жауапқа тартылғаны хабарланды.

Осылайша блогердің қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 2 айлық көрсеткіш көлемінде (5 834 теңге) айыппұл төлеуіне тура келеді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін блогер облыстық әкімдік маңына 50 мың теңге жасырған болатын. Бұл хабарды естіген Атырау тұрғындары аталған соманы жаппай іздей бастайды.

Кейін ақша іздеуді ұйымдастырған блогер карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұрады.