Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Оның жасы менен кіші": Серік Шәріп Say Mo-мен не себепті ажырасқаны туралы алғаш рет пікір білдірді (ВИДЕО)

Сұхбат барысында актер осы жайтта анасының рөлін "толықтай түсінбегенін" де қоса кетті.

"Оның жасы менен кіші": Серік Шәріп Say Mo-мен не себепті ажырасқаны туралы алғаш рет пікір білдірді (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Актер Серік Шәріп алғаш рет Say Mo-мен не үшін ажырасқаны туралы алғаш рет баяндады, деп жазады Paryz.kz.

Ол AlexandraAliArt Youtube-жобасында олардың таныстықтары аяқ асты болғанын, жұрттың көзіне түспей, жасырынып жүргендерін айтты. 

"Say Mo, Моля, Мөлдір. Біздің таныстығымыз аяқ асты орын алды. Қарым-қатынасымыз өте қарқынды түрде өрбіді. Біз мейрамханада таныстық. Мен кіріп бара жатқанда ол шығып жатты. Сол кезде мен суретке түсейік деп сұрадым. Содан кейін бәрі басталды. Біз ұзақ уақыт бойы көпшіліктен жасырынып жүрдік. Адам танымайтындай киініп алып емес, бар болғаны бақытымызды жария етпеуді жөн көрдік", - деп баяндады актер.

Оның жасы менен кіші. Бәрі бізге екі шығармашылық адамына қиын болады деген. Бірақ ешқандай қиындықты мен көрмедім. Алайда, осылай болып қалды. Ол ақымақ қыз емес. Болашақта ол кішкене шектен шығып, қате жасағанын түсінеді деп ойлаймын", - деді Шако. 

Сұхбат барысында актер осы жайтта анасының рөлін "толықтай түсінбегенін" де қоса кетті.

Бірақ ол өткенге қайта мойын бұрмайтынына уәде берді. 

"Бастапқыда өте ауыр болды. Кейін реніш пайда болды, одан кейін жыным келді. Жек көрдім, қорықтым, қызғандым, Содан кейін қайтадан махаббат келді. Бір сәтте барлық сезімдерім ұштасып кетті. Сосын бір мезетте өзімді қолға алдым. Себебі мұндай күйде қанша уақыт бойы жүретінім өзіме ғана байланысты екенін түсіндім. Кейбір адамдар ажырасуды жылдап көтере алмай жүреді. Бірақ мен бұған жол бере алмадым.

Бүгінде мен бұл мәселені, сынақты 90%-ға еңсердім деп ойлаймын. Мен Say Mo-ны қатты жақсы көрдім. Қазіргі таңда оны жек көремін деп айта алмаймын. Оған рахмет. Бірақ мен оған қайтып оралғым келмейді. Бұл өтіп кеткен кезең. Мен жаңа дәптерді бастадым" , - деді Серік Шәріп.

,