Видео Баян Алагөзованың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.
Продюсер Баян Алагөзова өзін "қазақ тілін білмейсің" деп айыптағандарға жауап берді, деп жазады Paryz.kz.
Ол видеода Қазақстанда өмірге келгенін мақтан ететінін және қазақтардың ортасында бой жеткенін атап өтті.
“Менің оқырмандарым: “Сіз неге қазақша сөйлемейсіз”, “Қазақша түк білмейді”, “Орыс болып кеткен, қазақ емес” деген секілді көңілге тиетін түрлі сөз айтады. Құрметті, менің оқырмандарым, менің қазақшам жаман емес, жүрегім қазақ, қаным қазақ, әке-шешем қазақ, Қазақстанымды, қазақ жерін жақсы көремін”, делінген видеода.
Видео Баян Алагөзованың Instagram-дағы парақшасында жарияланды.