Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Менің білуімше, Нұрдәулет екеуі дос": Алмас Кішкенбаев желі арқылы блогер қызға сезімін білдірді (ФОТО)

Оған қоса, өнер иесі желі қолданушыларының көмегіне жүгініп, өзі ұнатқан қызға қатысты бірқатар мәлімет біліп алмақ болды.

"Менің білуімше, Нұрдәулет екеуі дос": Алмас Кішкенбаев желі арқылы блогер қызға сезімін білдірді (ФОТО)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Алмас Кішкенбаев желіде танымал блогер аруды ұнататынын айтты. Өнер иесі өз парақшасында бойжеткеннің видеосымен бөлісіп, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Алмас Кішкенбаевтың жүрегінен ерекше орын алатын ару Instagram желісінде аса танымал Әйгерім есімді блогер болып шықты. Эстрада жұлдызы өз парақшасында бойжеткенге деген сезімі бар екенін айтып, алдағы уақытта оны кездесуге шақырғысы келетінін жеткізді.

"Осы қыз ұнайды маған. Оның үстіне ән де айтады екен. Әлде маған жасы тым кішкентай ма? Біз таныс емеспіз. Егер жауап берсе, бірден кездесуге шақырамын. Бейнебаяны шығыпты. Қарап бағасын беріңіздер. Менің білуімше Нұрдәулет екеуі дос" , - деп жазды әнші. 

Оған қоса, өнер иесі желі қолданушыларының көмегіне жүгініп, өзі ұнатқан қызға қатысты бірқатар мәлімет біліп алмақ болды. Ол халықтан Әйгерімнің жасы мен жеке өмірі жайлы сұрастырды. 

Кішкенбаев ел алдында блогер аруды ұнататынын айтқанымен, бойжеткен оған жауап бермеді. Әйгерім өз парақшасында бұл тақырыпты мүлдем қозғамай, өзінің күнделікті өмірінен Stories жариялауда. 

Айта кетейік, қалың көпшілік Әйгерімді "ННН" Нұрдәулет есімді желі жұлдызына жиі қосып жатады. Алайда, қос блогер де бұл ақпаратты жоққа шығарып, араларында достықтан артық ештеңе жоқ екенін айтқан болатын.