Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Иман деген бірде көтеріледі, бірде түседі": Роза Әлқожа орамалды шешуіне қатысты дауға нүкте қойды (ВИДЕО

Ержан аға маған еліктеп өсіп келе жатқан қыздар көп екенін жеткізіп, маған "солардың барлығын Ауғанстан жасамашы" деді.

"Иман деген бірде көтеріледі, бірде түседі": Роза Әлқожа орамалды шешуіне қатысты дауға нүкте қойды (ВИДЕО
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Роза Әлқожа орамалды не үшін мүлде шешіп тастағанын көпшілікке түсіндірді, деп жазады Paryz.kz.

Ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына берген сұхбатында орамалға қатысты мәселенің нүктесін қойды. Ол нәпсі мен иманның қатар жүрген ортасында жүргендіктен қоюға тура келгенін айтып ақталды.

"Иман деген нәрсе бірде көтеріледі, бірде түседі. Оны біліммен толықтырып отыру керек. Өзіммен өзім ерегесіп кеткен кездер болды. Мен ішім қандай болса, сыртым да сондай жүретін адаммын. Ең бастысы, Құдайды алдағым келмейді. Толық хиджабта жүру үшін көп нәрсені қоюға тура келеді. Мысалы, мен қатты макияж жасап жатқанда орамалмен отыруға ұяламын. Орамалды киіп отырып, біреуді ғайбаттап отыратындарды көрсем ұяламын. Сен орамалға таза оранғаннан кейін жан дүниең соған сәйкес болу керек деп есептеймін. 

Сахнаға да тағып шығып көрдім. Дизайнерлермен ақылдастым. Соңында жол бар, басқа бар. Мүмкін емес екен. Мысалы, Мөлдір Әуелбекова "тойға шықпаймын, тек концерттерде анда-санда жүремін" дейді. Көп нәрсе тыюға тура келеді. Ал менің ортам, сұранысым көп апалар жазды. "Сені білеміз ғой, қазақтың қарапайым қызы. Ешқашан толық бүркеніп көрмеген, шашыңды көрсет. Бас киіміңді кие ғой, бірақ толық беріліп кетпе" деді. Сол аналарымыздың сөзі жүрегіме жетті. Оған қоса, Ержан Төлеутай деген жақсы көретін ағам бар. Ол кісі "бұрында Ауғанстанда паранджа деген нәрсе насихатталып, олар ұлттық киімінен айырылып қалған" деп айтты. Ержан аға маған еліктеп өсіп келе жатқан қыздар көп екенін жеткізіп, маған "солардың барлығын Ауғанстан жасамашы" деді. Мен эмоцияның адамымын. Меккеден келген кезде қоғамға араласа алмай, жұрттың бәрі жалаңаш сияқты көрінеді. Сен ғана тақуа сияқтысың. Орамал тағуым да сол кездегі эмоцияның нәрсесі" , - деп түсіндірді Роза Әлқожа.