Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Блогердің қызды көлікке қамаған жарнамасы көпшілікке жақпай қалды

Желі қолданушылары видео астына пікір қалдырып, бұл зорлықпен қыз алып қашу қылмысына қолдау көрсету екенін ескерткен.

Блогердің қызды көлікке қамаған жарнамасы көпшілікке жақпай қалды

Қазақстандықтар танымал кәсіпкер әрі журналист Бейбіт Әлібеков түскен жарнамаға наразылық білдірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Ролик сюжеті бойынша журналист бойжеткенді жүксалғышқа жатқызып, автомобильдің дыбыс оқшаулағышын тексерген.

Өзін тәуелсіз БАҚ ретінде таныстыратын Batyr Jamal редакциясы осы жарнамаға назар аударды. Видеода Әлібеков танымал машинаның дыбыс оқшаулағышы теңдессіз екенін айтады да, жан дауысы шыға айқайлаған қыз жатқан жүксалғыштың есігін жабады.

Желі қолданушылары видео астына пікір қалдырып, бұл зорлықпен қыз алып қашу қылмысына қолдау көрсету екенін ескерткен. Кейбіреулер бұл әдейі хайп үшін түсірілген видео екенін айтты.

Ал Бейбіт Әлібековтың өзі жарнамада қандай да бір теріс әрекетті қолдауға деген ниет болмағанын мәлімдеді. Ол видео авторлары "TikTok желісіндегі америкалық танымал видеоны қайталамақ болғандарын" айтты.

"Осы видео көңіліне тиген адамдардан кешірім сұраймын және "қыз алып қашуға" қатысы бар деп танылған осы контекстке қатысты жауапкершілікті сезіне отырып, видеороликті өз парақшамнан өшіруді жөн көрдім", - деп жазды Әлібеков.

Бұған дейін Қырғызстанда болған қайғылы оқиға қазақстандықтарды бей-жай қалдырмаған еді. Бішкекте 27 жастағы Айзада Қанатбекованы ұрлап кеткен азамат оны буындырып өлтіргені белгілі болды. Қылмыскер содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Осы жағдайдан кейін Қырғызстан жұрты ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етіп митингіге шықты.