Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Ғазизхан Шекербеков көпшілікке алғаш рет әйелі мен баласын көрсетті

Қасымдағы балапан қәзір өсіп өзіме ұрсады,қырсығады,жылайды,ұмытып кетеді, қуанады, құшақтайды.

Ғазизхан Шекербеков көпшілікке алғаш рет әйелі мен баласын көрсетті
Дереккөз: Instagram/gazizkhan

Танымал әнші Ғазизхан Шекербеков көпке алғаш рет әйелі мен көрсетіп, өзінің отбасылы адам екенін мойындады, деп жазады Paryz.kz. 

Айта кетерлігі эстрада жұлдызы әлеуметтік желіге жеке өмірінен көп сурет салмайтын жұлдыздардың қатарында болып табылады.

Десе де соңғы кездері ол өзінің Instagram-дағы парақшасына жан жары мен баласының суретін жүктейтін болған. 

Желі қолданушылары Ғазизхан Шекербековтың бұл әрекетіне қуанып, өзінің отбасылы адам екенін мойындады деп жатыр. Олар:

"Отбасылы адам екенсіз, бақытты болыңыздар", "Келіншегіңіз сұлу екен, бір жастықта қартаюды Алла нәсіп етсін", "Әдемі жұп, балапандарыңыз көп болсын" деген пікірлерін жаудырып жатыр. 

Сонымен бірге әнші көпке өзінің ұлын да көрсетті. 

"Қасымдағы балапан қәзір өсіп өзіме ұрсады,қырсығады,жылайды,ұмытып кетеді, қуанады, құшақтайды. Өмірдің бір қызығы ахооу бала деген. Өмірлеріңіздің қызығы таусылмасын",-деп жазба қалдырған желіге баласының суретін алғаш рет желіге дүктеді.