Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Қайрат пен енесі қайда?": Туған күнімен тек анасы құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімова желіні тағы шулатты

Сонымен бірге оны 12-ден кейін жұбайы Қайрат Нұртас та, енесі Гүлзира Айдарбекова да құттықтамаған.

"Қайрат пен енесі қайда?": Туған күнімен тек анасы құттықтаған Жұлдыз Әбдікәрімова желіні тағы шулатты
Дереккөз: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова желіге туған күнімен тек анасы құттықтаған сәтін салып, желі қолданушыларын тағы алаңдатып қойды. Көпшілік оны тағы Қайрат Нұртаспен ажырасқан, енесімен сөзге келіп қалған деп болжады, деп жазады Paryz.kz.

Жұлдыз ӘБдікәрімованы туған күнімен анасы құттықтап келген сәті Instagram-дағы натымал пабликтердің бірінде пайда болды. Онда оның анасы түнгі 12-ден кейін үйіне құттықтап келгенін көруге болады.

Сонымен бірге оны 12-ден кейін жұбайы Қайрат Нұртас та, енесі Гүлзира Айдарбекова да құттықтамаған. Желі қолданушылары оны бірден байқап, түрлі пікірлерін жаудырған. Олар:

"Қайрат пен енесі қайда?", "Ата-анасымен бірге тұрып жатқан сияқты", "Жан жолдасы неге құттықтамады" деп жазған.

Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі желідегі парақшасына болса:

"Қай сәтте де сенің тастамайтыныңа сендім, себебі сен маған сенім бердің! Қанша қиындық келсе де құламайтынымды білдім, себебі Сен маған сенім бердің! Қанша қуаныш келсе де бұл соңғысы емес екенін көрдім, себебі Сен маған сенім бердің! Мен саған сенгендей өзіме сендім - алданбадым. Ұттым. Сондықтан мен үшін сенім мен сенің есімің егіз ұғымға айналды, Жаратқаным. Бергенің мен береріңе шүкір!
Қош келдің 33. Екеуміз дос болайық!",-деп жазған.

Желі қолданушылары мұна да оның отбасында қиындықтар бар деп топшылаған. Олар: "Тек Аллаға алғыс айтқан", "Қызық екен, Қайратты салмаған" , "Неге қайын жұрты құттықтамаған" деп жазған.