Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Танымал блогер Камила Әділхан шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді (ВИДЕО)

Інжукамыз жұма күні туылып еді, Батырымыз Рамазан айының бірінші күні туылды!

Танымал блогер Камила Әділхан шекесі торсықтай ұлды дүниеге әкелді (ВИДЕО)
Дереккөз:

Танымал блогер Камила Әділхан Рамазан айының алғашқы күні ұлды болды. Қуанышты жаңалығымен миллионер блогер өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлады Paryz.kz.

Сүйінші жаңалығымен оның жолдасы Мағжан да бөлісті. Ол онда:

"Сүйінші қазақ еліне +1 батыр!Рамазан айының бірінші күні Аллаға шүкір! Батырымыз 4:25 дүниеге келді, қаншама мұсылман халқы ауыз бекітер кезде! Алланың мейірімінде шек жоқ! Әрдайым Аллаға шүкір деп жүреміз, осындай керемет күні бізді Алла Тағалам тағы қуантты! Інжукамыз жұма күні туылып еді, Батырымыз Рамазан айының бірінші күні туылды!

Қазір тек Алла шүкірімді, жан жарыма , ата-анама, барша тілеулес болған оқырмандарыма және аман-есен босандырып алған дәрігерлерге шексіз рахметімді айтқым келіп отыр! Мыңда бір шүкір етемін сіздерге! "Роды" жалпы неге ерте болғанын? Қалай болғанын кейінірек айтамын! Қазір балапанымыз ұйықтап жатқанда демалып алайын! Құттықтауларыңызды қабылдаймыз",-деді ол.

Желі қолданушылары блогерлер отбасына жылы лебіздерін аямаған. Олар:

"Бауы берік болсын", "Ғұмырлы болсын", "Керемет", "Алла жар болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.