Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

"Маған қастандық жасағандар көп болды" - Жазира Байырбекова

Мен жаңадан тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын, 25 жыл бұрын да осындай нәрселерді көргенмін.

"Маған қастандық жасағандар көп болды" - Жазира Байырбекова
Дереккөз: stan.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзіне қастандық жасағандар көп болғанын айтып, ағынан жарылды. Өнер иесі тіпті осыдан 20 жыл бұрын да өзіне қастандық жасалғанын мәлімдеді, деп жазады Paryz.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші бұған дейін сән салонында біреулердің оған ине жіп тастап, дуалап кеткенін мәлімдеген болатын. Оның сөзінше мұндай жағдайлар осыған дейін де жиі кездесіп тұрыпты.

"Мен жаңадан тұрмысқа шыққанда да, 20 жыл бұрын, 25 жыл бұрын да осындай нәрселерді көргенмін. Дуаламақшы болғандар, қастандық ойлағандар көп болды. Мен талай ауырып тұрдым. Бірақ маған дұшпандық етіп жүрген кім екен деп іздеп көрмедім. Оны тексеріп жатпадым. Алла бәрін көруші",-дейді ол.

Басылымның мәліметінше, бүгінде оның ұлы Қазбек бизнесте жүр екен.

"Қазбек бизнесте жүр. Өзін көрсеткенді ұнатпайды. Жұмысы жақсы жүріп жатыр. Әншіліктен басқа жұмыстардың бәріне өзі жауап береді",-деді ол.