Олардың арасында: "Жолдасыңыз неге көрінбейді", "Байы қайда?", "Неге күйеуіңізді көрсетпейсіз?" деген сұрақтарды кездестіруге болады.
Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкейдің перзентханадан шығып, отбасымен қауышқанын бүгін ғана хабарлаған едік. Алайда желі қолданушылары белгілі диктордың жолдасын еш суреттен байқамай, тележүргізуші желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп жазады Paryz.kz.
Перзентханадан енді шыққан тележүргізуші Instagram-дағы парақшасына сәбиге қатысты ырым-жоралғылар жөнінде жазба салды. Ол онда:
"Сіздерден ырым-жоралғылар туралы сұрайын деп едім. Мен қазір апа-әжелер айтатын наным-сенімдерге сенетін болдым. Менде жүктілік кезінде асқазаным қатты ауырды. Сөйтіп түгі көп сәбиді дүниеге әкелдім. Сосын Сұлтан-Әлі күн мен түнді ауыстырып алды. Няням бүкіл киімді теріс киіндір деді, кигіздік. Енді нәтижесін көрмекпіз, негізі оған да сенемін. Бастысы ұлдарды қырқынан ертерек шығару керек дейді. Сонда болашақ қалыңдығының қалың малы аз болады дейді. Оған да сеніп отырмын. Ал сіздер, ырымдарға сенесіздер ме?",-деп жазды ол.
Десе желі қолданушыларын Айгүл Мүкейдің жазбасынан бұрын, «оның жолдасының суреті неге еш жерде жоқ» деген сауал мазалады. Олардың арасында:
"Жолдасыңыз неге көрінбейді", "Байы қайда?", "Неге күйеуіңізді көрсетпейсіз?" деген сұрақтарды кездестіруге болады.
Тележүргізуші ол сұрақтарға жауап беруге асықпайтын сыңайлы. Себебі ол тек ырымдарға қатысты пікірлерге жауап беруде.