Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

"Бала керек": Қайрат Нұртас әйелімен не себепті ажыраспағанын айтты (ВИДЕО)

Десе де Қайрат Нұртастың ұлдарының бірі оны қолдап, "Бала керек" екенін тағы қайталап айтқан.

"Бала керек": Қайрат Нұртас әйелімен не себепті ажыраспағанын айтты (ВИДЕО)
Дереккөз: Caravan.kz

Әнші Қайрат Нұртас пен әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың ажырасып кетті деген қауесет тарағалы бері, өнер иесінің тыңдармандары олардың отбасыларына алаңдаған еді. Жұлдыздар осы қауесет одан бетер таралып кетпес үшін, желі қолданушыларының алдына жиі шығып, түрлі сауалдарға жауап беретін болған, деп жазады Paryz.kz.

Жұлдызды жұптың бірге отырған видеосы кезекті сәті желіге тарап кетті. Онда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова "сұрақ-жауап" ойынын ойнап, бір-бірін қаншалықты жақсы білетіндерін көрсеткісі келген.

Сондай сұрақтардың бірі "Қайрат Жұлдыздан не күтеді?" деген сауал болған. Оған Қайрат "Бала керек" деп жауап береді.

Бірақ Жұлдыз бесінші рет ана атануға дайын емес сыңайлы. Ол: "Бала бар ғой" деп әзілдеп жауап береді. Десе де Қайрат Нұртастың ұлдарының бірі оны қолдап, "Бала керек" екенін тағы қайталап айтқан.

Естеріңізде болса, Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдікәрімова отбасында төрт бала тәрбиелеп отыр.