Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Димаштың руы кім?" - тарихшы оның қырғыз екенін дәлелдеп берді (ВИДЕО)

Ал Димаш Ақтөбе және Қызылорда облысындағы аралдық қырғызға жатады.

"Димаштың руы кім?" - тарихшы оның қырғыз екенін дәлелдеп берді (ВИДЕО)
Дереккөз: inform.kz

Генетик, тарихшы Жақсылық Сәбитов Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергеннің руына қатысты та өз болжамын ортаға салды. Оның айтуынша әнші қырғыздардың бір руынан болуы әбден мүмкін, деп жазады Paryz.kz.

Тарихшы сұхбат барысында алдымен Қазақстандағы қырғыз рулары қайда тұратынын айтып берді.

"Біз Қазақстан аумағындағы қырғыздардың ДНК-сына қатысты мақала жариялаған болатынбыз. Қырғыздар жалпы Қазақстан бойынша үш аумақта тұрып жатыр. Олар: Бурабай, Щучинск, Көкшетау сияқты елдің солтүстігінде тұратын қырғыздар. Олар Абылай хан өзімен бірге алып келген қырғыздардың ұрпақтары. Екінші санатқа Қарағанды аумағында өмір сүріп жатқар қырғыздар жатады. Тіпті арғындардың арасында да қырғыздар бар. Мысалы түбі қырғыз болса да, олар қазір арғынның ішіндегі қаракесек деген ру бар", - деді ол.

Сол сияқты Димаш Құдайбергеннің де қырғыз руынан шығуы мүмкін деген болжамымен де бөлісті.

"Ал Димаш Ақтөбе және Қызылорда облысындағы аралдық қырғызға жатады. Олардың біразы Шалқар ауданында тұрады, ол ауданды Ақтөбенің атышулы, халқы қызуқанды болып келетін аудан екенін білесіздер. Шежіре бойынша олар қазақтар арасына шамамен 17 ғасырда келген. Сондай-ақ шежіре бойынша ол қырғыздың ішінде барақ руына жатады. Қырғыздардың бұл руы әлімұлы, шектіге де енуі мүмкін. Екінші болжам, ол анасы жағынан қырғыз болуы мүмкін",-деді тарихшы Жақсылық Сәбитов.

Айта кетейік, тарихшы, генеалог Жақсылық Сәбитов пен генетик, ғалым Мақсат Жабағин мазмұнды сұхбат беріп, онда қазақ руларының шығу тарихына қатысты қызықты деректермен бөліскен еді.

 

«Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты «Бұрын үйленген, баласы бар»: Танымал тележүргізуші болашақ күйеуінің өткені туралы айтты Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті Бірнеше ай бұрын ажырасып, АҚШ-қа көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова жаңа өмірін көрсетті «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «4-5 әйел алған»: Раймның бұрынғы сүйіктісіне ұсыныс жасаған кәсіпкер өткені туралы айтып, ақталды «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Жылағаннан басқа сезім келмейді»: Төреғалидің қарындасы аяқасты Алматыға жолға шыққандарын айтты «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды «Аузын ашып билегені болмады...»: Алтынай Жорабаева тойдағы биі үшін тағы да сынның астында қалды Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты Жылдар бойы жаман өмірге салынып, адастым: Дастан Оразбеков сұмдық жайтты айтты «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Бүгін келініміздің бетін ашамыз»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Неге өз баламды өзімнен қызғанасыздар?»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың отбасына қатысты сынға жауап берді «Ойламаған жерден қосылдық»: Танымал тележүргізуші махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты «Ойламаған жерден қосылдық»: Танымал тележүргізуші махаббат хикаясы қалай басталғанын айтты