Өміріндегі қуанышты жаңалығын актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Көпшілікке "Келінжан" телехикаясы арқылы танылған актриса Нұлгүл Мыңғатова дүниеге сәби алып келді. Өнер иесі ұлды болды, деп хабарлады Paryz.kz.
Өміріндегі қуанышты жаңалығын актриса өзінің Instagram парақшасында жариялады. Ол онда:
"Аллаға шүкір. Жақсы жаңалығым. 08.04.2021 Ұлды болдық, баршаңызға мың алғыс",-деп жазды.
Танымал актрисаны құттықтаушылар қатарында әнші Алтынай Жорабаева, актриса Салтанат Бақаева, актер Қайрат Әділгерей және т.б. болды. Олар актрисаның парақшасында: "Бауы берік болсын", "Тамаша", "Аман-есен аяқ-қолыңды бауырыңа ал Алла қаласа" деген жүрекжарды пікірлерін жазған.
Желі қолданушылары да өнер иесінің қуанышты жаңалығына жаппай жылы лебіздерін білдіріп жатыр.