Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Көңіл қартаймайды": Белгілі әнші Шахизада 50-ден асқан шағында қайта тұрмыс құрды

Әрбір әйел бақытты болуға лайықты деп айтар едім.

"Көңіл қартаймайды": Белгілі әнші Шахизада 50-ден асқан шағында қайта тұрмыс құрды
Дереккөз: Instagram/shahizada.art

Танымал әнші, эстрада жұлдызы Шахизада 50-ден асқан шағында тұрмыс құрды. Өнер иесі қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен, деп жазады Paryz.kz.

Желідегі парақшасына жұбайының бет-әлпетін жарияламаған әнші, онымен неке қиғанын жариялаған.

"Аллаға шүкір! Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым сіздерге мың алғыс. Жақсы таза көңіл тілектеріңізге, бақытты болыңыздар жақсыларым",-деп жазған ол.

Сондай-ақ ол нәзік жанды оқырмандарына отбасын құрып, әйел бақытын сезінуге шақырған.

"Әрбір әйел бақытты болуға лайықты деп айтар едім. Бақытты болыңыздар. Бүгінгі күн мен үшін аса бақытты күн. Тұрмысқа шығып, неке қиятын күнім. Сіздер де маған бақыт тілеп қойыңыздар. Бақыттарыңыз, сүйіктілеріңіз қастарыңызда болсын. Сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңіздер. Бақыт тілеймін сіздерге" - деді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын қуана қарсы алды. Олар:

"Жарайсыздар", "Бақытты болыңыздар", "Жалғыздық құдайға ғана жарасады, дұрыс шешім қабылдадыңыз", "Бақытыңыз ұзағынан болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.