Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Сөйлемей қалды": Алмас Кішкенбаевтың анасы оның ажырасқанын ауыр қабылдаған (ВИДЕО)

Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты.

"Сөйлемей қалды": Алмас Кішкенбаевтың анасы оның ажырасқанын ауыр қабылдаған (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Алмас Кішкенбаев не себепті сахнадан көрінбей кеткенін айтып берді. Ешкімге айтпаған сырын ол «Ең алғашқы» бағдарламасында ақтарды, деп хабарлады Paryz.kz.

Әншінің шығармашылығы жеке өміріндегі сәтсіздіктер кесірінен құлдырап кеткен. Шаңырағының шайқалуы, артық салмақ, алып-қашпа әңгімелер Алмас Кішкенбаевты терең күйзеліске ұшыратты. Алмастың ажырасуын анасы өте ауыр қабылдап, инсульт алған.

«Алмасты анасы жеткізді, осында (ред. еск. – Қызылорда) үйлену тойын жасады. Алмастың ажырасқанын естігенде екінші рет инсульт алды, сөйлемей қалды. Қатты жылады. «Мөлдірдің берген уәдесі қайда?» деді. Кезінде махаббат сезімі болған шығар. Бар кезде батып ішті, Алмас қатты қиналғанда неге оған демеу бермеді? Оны жақсы көргені қайда? Неге ол екі қызды екі көзін жылтыратып, жетім қылып қояды?» – деп көзіне жас алды Алмастың анасының көршісі Роза Құрбанқызы.

Бағдарлама барысында әнші бұл оқиғаға тоқталып, толық мағлұмат беруден бас тартты.