Тележүргізушінің айтуынша ол кеше түскі сағат 12-лерде босанған.
Танымал тележүргізуші, диктор Айгүл Мүкей 46 жасында ұлды болды. Ол бұл қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Paryz.kz.
Тележүргізушінің айтуынша ол кеше түскі сағат 12-лерде босанған.
"Ұлды болдым. Аллаға шүкір! Бүгін сағат 12.19 дүниеге тағы бір Батыр келді...
Қара торы, шыдамды, әжесі сияқты... Әлі өз-өзіме келе алмай жатырмын...
Сіздерге де, жылы сөздердіңіз, лебіздеріңіз үшін көп рахмет, достар...
Аллах разы болсын!",-деп жазды ол.
Желі қолданушылары тележүргізушіні қуанышты күнімен құттықтап, жылы лебіздерін жаудыруда. Олар:
"Бауы берік болсын", "Жарайсыз", "Батырдың ғұмыр-жасы ұзақ болсын" деген тілектерін жазып жатыр.