Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

"Әлхамдулиллях!": 13 жыл пәтер жалдаған Әбдіжаппар Әлқожа үйлі болды (ВИДЕО)

Бейнежазбадан Әбдіжаппардың үйіне қонаққа келген жақындарының шашу шашып, жас отбасыға өз тілектерін айтып жатқанын көруге болады...

"Әлхамдулиллях!": 13 жыл пәтер жалдаған Әбдіжаппар Әлқожа үйлі болды (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа жаңа баспанаға ие болды. Қуанышы қойнына сыймаған ол Instagram парақшасында көпшіліктен сүйінші сұрап, зәулім үйін көрсетті, деп хабарлады paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл ретте ол жаңа баспанасына алғашқы қонақтарды шақырған сәттен видео жариялап, оны ел назарына ұсынған.

"Сүйінші, ағайын! Алматыға келгеніме 13 жыл болыпты. Осы жылдар арасында еткен кішкене ғана еңбек, маңдай терімізге Алла нығметін төгіп, үйлі болуды нәсіп еткен екен. Әлхамдулиллях! Бүгін сол үйімізге кіріп, ата-аналарымызды, аға жеңгелерімізді шақырып, құран оқытып, батасын алып, әулет, бауыр, дос-жаранның қуанышын жүзінен көрдік. Біз үшін қуана білетін аға-жеңге, ата-анамыз аман болсын! Өз үйімде тұрғаныма бір күн болды! 13 жыл квартирада тұрғанымды ұмытып кеттім ғой", - деп мәз-мейрам әнші.

Бейнежазбадан Әбдіжаппардың үйіне қонаққа келген жақындарының шашу шашып, жас отбасыға өз тілектерін айтып жатқанын көруге болады. Бұл жүрекжарды тілектерге желі қолданушылары да қосылды.