Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Өмірімді бұлай елестете алмадым": Жолдасына жылы лебізін білдірген Алтынай Жорабаева елді сүйсінтті

Өнер иесі өзінің жылы лебізін Instagram парақшасында қалдырған.

"Өмірімді бұлай елестете алмадым": Жолдасына жылы лебізін білдірген Алтынай Жорабаева елді сүйсінтті
Дереккөз: baq.kz

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева жолдасына жантебірентерлік жазба арнап, көптің ыстық ықыласына бөленді. Әнші жан жарын туған күнімен құттықтаған деп жазады Paryz.kz.

Өнер иесі өзінің жылы лебізін Instagram парақшасында қалдырған. Онда ол:  


"Әлеміме еніп, өмірімді өзгерткен жан. Туған күніңмен жәннатым (Ин Шаа Алла)
Алла мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін, екі дүниенің абыройын, бақытын берсін.
Әйел бақытын сезіндірген, бойымдағы нәзіктік пен еркелікті оятқан қамқоршым.
Осыдан біраз уақыт бұрын, отбасылық өмірімді дәл бұлай елестете де алмас едім.

Сен келдің де ертегіге айналдырдың. Қыздарымның папамыз деп тұрғаны да , таңдауымның туралығын дәлелдеп тұрғандай. Мені сүйгенің үшін сүйем.Қыздарымды жақсы көргенің үшін, жақсы көрем. Бір-бірімізді толықтырып қосылған бір бүтінбіз Ин Шаа Алла.

Сен - Менсің! Мен - Сенмін! Өзіңді Өзімдей жақсы көрем. Өзіме тілегенімді, қалағанымды саған да қалаймын. Тілегім жүрегімде. Армандарымыз дұғамда. Қалғаны жеке айтылар.
Алла берген ғұмырын бірге кешуді жазсын, асыл жарым»,-деп жазған.

Желі қолданушылары әнші мен оның жұбайына жылы лебіздерін жаудырған. Олар: "Бақытты болыңыздар", "Сіздер үшін қуаныштымыз", "Әдемі жұпсыздар" деген тілектерін қалдырған.