Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Өлімнен кейін бәрі тоқтайды": Дәурен Айдарқұлов "жаңа әдіс" тапқанын айтты

"Мен қанша өмір сүретінімді білмеймін. Өлімнен қашу мүмкін емес", - дейді ол.

"Өлімнен кейін бәрі тоқтайды": Дәурен Айдарқұлов "жаңа әдіс" тапқанын айтты
фото: Instagram парақшасынан скриншот

Жақында ғана үшінші мәрте үйленуге ниетін білдірген актер Дәурен Айдарқұлов Instagram парақшасында енді өлім туралы айтты. Өнер иесі қанша өмір сүретінін өзі білмейтін болғандықтан, барынша көп жақсылық жасауға тырысатынын жеткізді, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Кейде мен тым ашулы әрі қаһарлы боламын. Кейде түк жақтырмай, көңілсіз де боламын. Оған әртүрлі жағдайлар себеп болады. Отбасылық қатынас, жұмыстағы жағдай, қаржылық мәселелер, тағы басқалар. Мұндайда дұрыс шешім қабылдап, түзу ойлау мүмкін емес", - дейді ол.

Бұған дейін әртіс жан жарасын уақыт емдейді деп ойлаған. Алайда, жағымсыз естеліктер оның мұңын одан бетер ушықтыра түскен.

"Енді жаңа әдіс таптым. Махаббат, достық, отбасылық, қандай жағдайға тап келсеңіз де, өлімді еске алыңыз. Өлімнен кейін бәрі тоқтайды. Сондықтан тірі кезімде адамдарға көмектесіп, елге жақсылық жасап, жылылық сыйлап, жақсы көріп, жақсы қатынас құрғым келеді. Адамдар жақсы жаққа қарай өзгеруге құлықты. Мен қанша өмір сүретінімді білмеймін. Өлімнен қашу мүмкін емес. Тірі күнімде жақсы көріп, құрметтеп, менің жанымда барды бағалаймын", - деді актер.