Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Носки тесік, шаш май болса да...": әнші Балжан Бидаш отбасылық өмірін жасырмады

"Инстада идеалды жанұя болып көрінуіміз мүмкін, бізде де ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады..." - дейді ол.

"Носки тесік, шаш май болса да...": әнші Балжан Бидаш отбасылық өмірін жасырмады
фото: tengrinews.kz

Жақында ғана тұрмысқа шыққан "КешYou" тобының экс-әншісі Балжан Бидаш Instagram-дағы парақшасында қазіргі отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын жария етті, деп хабарлады paryz.kz.

Актер Жахан Отарағлиевтің жары екеуінің қарым-қатынасы көпшілік ойлағандай аса мінсіз емес екенін айтты. Олар да өзге ерлі-зайыптылар сияқты кейде келіспей қалып жатады екен.

"Инстада идеалды жанұя болып көрінуіміз мүмкін, бізде де ыдыс-аяқ сылдырлап тұрады. Бірақ инста-сториста сіздер көріп отыратын біздің видеоларымыз - сол біздің өміріміз. Жасандылыққа тырыспаймыз. Байқағандарыңыздай, нан мен макарон жесек те, носки тесік, шаш май болса да біз шынайы моментті түсіріп аламыз. Түсінгенім, өмірде біреуге ұнауға, жағуға тырыспаңыз. Шынайы өз кейіпіңізді ұстаңыз! Сонда ғана жаныңызда шынайы адамдар қалады! Шынайы өмір сүріңіз", - деп ағынан жарылды ол.