Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Грэмми сыйлығы Иманбекке ешқандай абырой әкелмейді" - Юрий Лоза

"Әлдекімнің ағылшын әнін айтқаны немесе қайталап орындап шыққаны қазақтар үшін де, орыстар үшін де маңызды емес", - деп санайды ресейлік музыкант.

"Грэмми сыйлығы Иманбекке ешқандай абырой әкелмейді" - Юрий Лоза
фото: NewTimes.kz

Еске сала кетсек, Иманбек Зейкенов ең беделді музыкалық сыйлықты жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды. Алайда ресейлік музыкант Юрий Лоза "Петербургский дневник" басылымана берген сұхбатында Грэммиге ие болу жас ди-джейдің танымалдылығына кепілдік бермейді деді, деп хабарлады paryz.kz, stan.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл әлемдегі басты музыкалық рәсім деп кім айтты? Менің ойымша, бұл рәсім - бірінші кезекте америкалықтар үшін. Америкалықтар әрқашан өз заңдарымен өмір сүрді, олардың өздерінің музыкалық симпатиялары мен қалаулары бар", - деді ол.

Оның пікірінше, Грэмми - музыкалық симпатияға әсер етпейтін, мысалы, латын әлемі үшін белгілі бір елге арналған сыйлық. Бұл шығыс халқының музыкаға қандай көзқараспен қарайтынымен санаспайды. Біздің өз мәдениетіміз бен өз еліміз бар. Америкада не деп ән айтады, қандай проблемалар мен музыкалық тенденциялар бар, бұл бізді алаңдатпауы керек.

"Айтыңызшы, ABBA швед мәдениетіне қандай пайда әкелді? Ешқандай. Өйткені олар британдық музыка үшін жұмыс істеді және ағылшын тілінде ән айтты", - деді ресейлік музыкант.

Айтуынша, Иманбек үшін де бұл ешқандай абырой емес. Әр ел өз музыкасы мен өз елінің форматына сай өнер іздеуі керек.

"Сондықтан бұл ди-джей Қазақстанға өзін көрсетуден басқа ештеңе әкелген жоқ. Біреу маған Америкада танымал боламын десе, мен оларға: "Сіз Америка мәдениеті үшін жұмыс істейсіз" дер едім. Әлдекімнің ағылшын әнін айтқаны немесе қайталап орындап шыққаны қазақтар үшін де, орыстар үшін де маңызды емес", - деп санайды Юрий Лоза.