Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік" - Төреғали Төреәлі

"Соны енді түсіне бастағансың ба?", "Ақыл кіре бастаған болар"... деп жазуда көпшілік.

"Дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік" - Төреғали Төреәлі
фото: ашық дереккөз

Әнші Төреғали Төреәлі Instagram парақшасына терең ойлы жазба жариялап, оқырмандарын тәнті етті. Өмір жайлы өз толғауымен бөліскен оның сөздері көпшіліктің көңілінен шыққан. Алайда сынға алғандар да болды, деп жазды paryz.kz, NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

"Адамдар сүю үшін, дүние пайдалану үшін жаратылған. Біз дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік", - деп Тибет елінің рухани көшбасшысы Далай-ламаның сөзін келтірді ол.

Желі қолданушылар әншінің жазғанымен келісіп, оған өз қолдауын білдірген. Алғашқылардың бірі Қайрат Нұртас болды. Өнер иесі аталмыш жазбаның астына қошеметтің смайлын қалдырып кеткен. Одан басқа, Кенжебек Жанәбілов пен Жазира Байырбекова да Төреғалиға тәнті болған.

"Керемет айтылған сөздер. Дүниеге көзіміз тоймайды ғой", "Соны енді түсіне бастағансың ба?", "Ақыл кіре бастаған болар", "Дұрыс айтқансың. Өмір қазір сондай болып кетті" деп жазуда көпшілік.

Кейбір оқырмандар басқа пікір білдірді.

"Өзі туралы шындықты жазыпты", "Дұрыс айтасың, тойларға шығу үшін миллиондар алып, дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып жүрсіңдер" деп жазды олар.