Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Жазира мен Жанболат барахолкада аяқ киім, жеміс-жидек сатып күнелткен

"Таңғы сағат 7-8-ден түнгі сағат 11-ге дейін ашық базарда тұратынбыз. Бізде бір ұл, бір қыз деген аты ғана. Үйде 10 шақты адам тұрамыз..." - дейді ол.

Жазира мен Жанболат барахолкада аяқ киім, жеміс-жидек сатып күнелткен
фото: ticketon.kz

Әнші Жазира Байырбекова желіде жазба жариялап, бір кездері ауылда тұрғанын, базарда аяқ киім сатқанын айтты деп жазды paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Ауылда тұрсаң көрер едім" дейді біреу. Мен ауылда тұрдым ғой. Сиырды да сауып көрдім. Сиырың болса, сауғанның несі жаман? Бір үйде 20 шақты адамның төсегін салып, тамағын істеп, ыдысын, кір машинасыз, қолмен кірін жуған кездерім де болды", - дейді әнші.

Айтуынша, Жазира Байырбековаға "біз сияқты базарда тұрсаң, көрер едім" деп жазатындар да бар екен.

"Мен барахолкада аяқ киім саттым. Одан кейін Жәкең (Жанболат Ербатыров) екеуміз жеміс-жидек саттық. Таңғы сағат 7-8-ден түнгі сағат 11-ге дейін ашық базарда тұратынбыз. Бізде бір ұл, бір қыз деген аты ғана. Үйде 10 шақты адам тұрамыз, жүреміз", - дейді ол.

Сондай-ақ әнші әлеуметтік желіде шаршап, не ауырып тұрғанын көрсетпейтінін жеткізді.

"Осы қыздың проблемасы жоқ, отбасы, бала-шағасы қасында, аман есен. Ақшасы жеткілікті, бизнесі көп, бақыттан басы айналып, тек қыдыруды ойлайды" дейді біреу. Ол енді рас... Айтқандарыңыз келсін. Маған жақсылықты кейбіреулер осылай тілейді" деп жазды Жазира Байырбекова.