Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

«10 жасқа қартайып кеттім…»: Салтанат Бақаева жан сырын ақтарды

Актриса, әнші Салтанат Бақаева продюсерлікті қолға алды, – деп жазды paryz.kz.

«10 жасқа қартайып кеттім…»: Салтанат Бақаева жан сырын ақтарды
фото: әлеуметтік желіден

Өнер иесі театрдағы жаңа рөлді сомдау оңай болмағанын жеткізді.

«Режиссер маған оқып көруге бірнеше шығарма берді. Соның ішінен ең ауырын таңдадым десем болады. Өкінбеймін. Он жасқа қартайған сияқтымын. Қазір өзімді 45 жастағы әйел сияқты сезініп тұрмын», — деді Салтанат Бақаева.

Ал актер Азамат Сатыбалды спектальде екі адамның рөлін сомдайды екен. Ең қызығы, актер бірінші рет әйел образын сомдайды.

«Әйел образын алғаш рет сомдайын деп отырмын. Мұндай ешқашан болмаған. Мен үшін кәдімгідей тәжірибе. Әйел адамды, одан кейін жас жігітті ойнау өте қиын болды», — дейді ол.